Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі 

Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

   Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі  Жамбыл   облысының байырғы оқу орындарының бірі болып табылады.
  Темір жол колледжі алғашқы жылдардан бастап жұмысшы класының білікті ізбасарларын дайындады. Түркістан – Сібір темір жолының құрылуымен мамандарды дайындаудың қажеттілігі туындады. Осыған байланысты 1930 жылы фабрика – зауыттық оқыту мектебі ашылды. 1940 жылы мектеп базасында Жамбыл теміржол училищесі құрылды.Ол слесарь – паровозшылар, вагон қараушысы, слесарь – автоматчиктер, инструментальщиктер, механик жабдықтардың слесарі, жол бригадиры мамандықтары бойынша темір жол көлігі үшін білікті жұмысшы кадрларын дайындады. Өз даму жылдарында  теміржол училищесі  кәсіби техникалық училище, кәсіби техникалық мектеп, кәсіби мектеп, кәсіби техникалық лицей, темір жол колледжі болып атаулары өзгерді.
     Жамбыл облысы әкімдігінің 28.06.2012 ж. №198 қаулысының негізінде №13 кәсіби лицей №13 Тараз теміржол колледжі,  Жамбыл облысы әкімдігінің 24.10.2018ж. №203 қаулысының негізінде №13 Тараз теміржол колледжі Тараз теміржол және коммуникация колледжі болып  өзгертілді.
     Колледж ұзақ жылдар бойы теміржол саласы үшін 40 мыңнан астам орта буын мамандарын дайындады.
  Қазіргі таңда колледж төмендегі мамандықтар бойынша мамандар даярлауда:
   1108000 Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
   1303000 Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару (түрлері бойынша)
   1203000 Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару (түрлері бойынша)
  1409000 Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы (түрлері бойынша)
    1414000 Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)
     0508000 Тамақтандыру ұйымдастыру
     1109000 Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)
 1403000 Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және  инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)
      1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
   Білім алушылардың негізгі контигентін Тараз қаласы мен Жамбыл облысының 9 сынып білім алушылары құрайды.

Аннотация