WorldSkills Kazakhstan миссиясы халықаралық стандарттар негізінде техникалық кәсіптер үшін жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету тетіктерін, оның ішінде кәсіптік бағдар беру, оқыту, сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру тетіктерін қалыптастыру болып табылады.
Негізгі мақсаттар:
1. Жастарды кәсіптік оқытудың озық әлемдік тәжірибесін анықтау және оларды Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу;
2. Қазақстанның ТжКБ жүйесіне инновациялық процестерді ынталандыру және оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
3. Оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша тұрақты әдістемелік көмек көрсету арқылы Қазақстанның сараптамалық қоғамдастығын дамыту;
4. Еңбек адамының мәртебесін және техникалық мамандықтардың беделін көтеру.
Worldskills Kazakhstan