Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Бегущая строка текста в HTML
Біздің жетістіктеріміз
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі Жамбыл облысының байырғы оқу орындарының бірі болып табылады.
Темір жол колледжі алғашқы жылдардан бастап жұмысшы класының білікті ізбасарларын дайындады. Түркістан – Сібір темір жолының құрылуымен мамандарды дайындаудың қажеттілігі туындады. Осыған байланысты 1930 жылы фабрика – зауыттық оқыту мектебі ашылды. 1940 жылы мектеп базасында Жамбыл теміржол училищесі құрылды.Ол слесарь – паровозшылар, вагон қараушысы, слесарь – автоматчиктер, инструментальщиктер, механик жабдықтардың слесарі, жол бригадиры мамандықтары бойынша темір жол көлігі үшін білікті жұмысшы кадрларын дайындады. Өз даму жылдарында теміржол училищесі кәсіби техникалық училище, кәсіби техникалық мектеп, кәсіби мектеп, кәсіби техникалық лицей, темір жол колледжі болып атаулары өзгерді.
Жамбыл облысы әкімдігінің 28.06.2012 ж. №198 қаулысының негізінде №13 кәсіби лицей №13 Тараз теміржол колледжі, Жамбыл облысы әкімдігінің 24.10.2018ж. №203 қаулысының негізінде №13 Тараз теміржол колледжі Тараз теміржол және коммуникация колледжі болып өзгертілді.
Колледж ұзақ жылдар бойы теміржол саласы үшін 40 мыңнан астам орта буын мамандарын дайындады.
Қазіргі таңда колледж төмендегі мамандықтар бойынша мамандар даярлауда:
07160500 Теміржол тартқыш жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
07160600 Теміржолдың вагондар мен рефрежираторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
07140700 Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару (түрлері бойынша)
10410200 Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару (түрлері бойынша)
07221400 Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)
07150300 Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)
10320200 Төтенше жағдайда қорғау
07150500 Дәнекерлеу ісі
Білім алушылардың негізгі контигентін Тараз қаласы мен Жамбыл облысының 9 сынып білім алушыларын құрайды.
Аннотация
Тараз теміржол көлік және
коммуникация колледжі