Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі 

Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

2021жылдың 13 сәуірінде Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 12 сәуір- ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «Ғылым және жастар» атты ғылыми семинар 1 курс білім алушылары арасында өтті. Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім мен ғылым дамуының өзекті мәселелерін талқылау, Елбасы саясатын жастар арасында дәріптеу. Білім алушылардың ғылымға, ізденуге, зерттеу жұмыстарына құштарлықтарын арттыру мақсатында өтілген бұл семинардың ұйымдастырушылары тарих пәнінің оқытушысы А.С.Бозымбекова мен арнайы пән оқытушысы А.М.Жаманқұл. Семинарымыздың құрметті қонақтары «Мұғалім жаршысы» облыстық газетінің бас редакторы Үсенова Ғалиябану Бейсенқызы, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы Поштабаева Таңшолпан Маратқызы. Семинар барысында «Қаныш Сәтбаев – қазақ ғылымының атасы» тақырыбында 1АТУ 20-1 тобының білім алушысы Орынбек Айболат, «Освоение космического пространства» тақырыбында 2АТУ19-1тобының білім алушысы Щегай Вячеслав, «Қазақ даласы-ежелгі металлургияның отаны» тақырыбында 1 ОПД20-1 тобының білім алушысы Елшан Мағжан, «Сызықты емес интегралдық теңдеуді шешудің Ньютон әдісі» тақырыбында 1ОПД20-1 тобының білім алушысы Абдырақманова Жұлдызай, «Экология және адам» тақырыбында 1ОПД 20-1 тобының білім алушысы Тұрсынбаева Ақмөр, «Жаңа заман трендтері» тақырыбында 1ОПД 20-1тобының білім алушысы Наурызбаев Қыдыралі өз баяндамаларын жасап, ойларымен бөлісті. Семинар соңында келген қонақтар ұйым жұмысын бағалап, білім алушыларға ғылыми ізденіс жолында бағыт беріп, алғыс хаттармен марапаттай отырып, алдағы уақытта өз тараптарынан тығыз байланыс орнататындарын жеткізді.