Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі 

Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде 2 - сәуір "Халықаралық балалар кітабы" мерекесіне орай колледж кітапханасында кітапханашы Қосалиева Гүлнар Орынбасаровна мен жатақхана тәрбиешісі Абдуганова Ұлжан Нышанбаевнаның ұйымдастыруымен білім алушыларды кітап оқуға баулу , білім алушының жеке басын және рухани дамуын қалыптастырудағы рөлі туралы кітапты көрсету, балалардың кітапқа деген ынтасын арттыру және кітапты жай ғана оқып қоймай, оны түсініп оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету мақсатында "Кітап - ғажайып әлем" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға колледж әдіскері Тезекбаева Гулсая Кадирбековна мен әлеуметтік педагог Алибаева Эльмира Елубаевна қатысты.

Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын Дания жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туылған күніне орай сәуір айының 2-де аталып өтеді. Ханс Кристиан Андерсен 1805 жылдың 2 сәуірінде Фюн аралындағы Оденсе қаласында дүниеге келді.

Оқырмандар өздерінің оқыған "Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандарынан" оқыған кітаптары туралы пікірімен бөлісті. Іс-шаралар белсенділік көрсеткен АТУ-20-1 тобының білімгерлері: Сүлейменқұл Рахат пен Тұрсын Ернұр және ОПД-20-1 тобының білімгері Наурызбаев Қыдырәлі "Алғыс хатпен" марапатталды.