Бүгін 23 сәуір күні колледждің комплаенс офицері Г.Жанкуанышева 1–2 курс студенттермен «Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек?» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның алдын алу жолдары, әрбір азаматтың құқықтық жауапкершілігі және осындай әрекеттің куәсі болған жағдайда қайда хабарласу керектігі туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, адалдық, парасаттылық және заң талаптарын сақтау қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, тақырып аясында сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Осындай түсіндірме жұмыстары жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.
#антикоррупция #сыбайласжемқорлықалдыналу
