Студенттік өмір жастардың ең көңілді, әсерлі, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Студенттер жастық күш-қуаты мен энергиясын, уақытын жаңашылдыққа ұмтылу мен білім алуға арнай отырып, сонымен қатар уақытты қызықты өткізіп, естен кетпейтін керемет естеліктер жасайды.
1939 жылы 16 қараша күні прагалық студенттер мен ұстаздар неміс басқыншыларына қарсы көтеріліске шықты. Көтерілісті басу барысында студент Ян Оплетал қаза тапты. Бұл студенттің жаназасы бүкілхалықтық қарсылыққа ұласты. Студенттердің көтерілісінің нәтижесінде 1939 жылдың 17 қарашасында чех жоғары оқу орындарын жауып, 10 студентті атып, 1200 көтеріліске қатысқан студенттері концлагерьге жапты. Екі жыл өткен соң 1941 жылы Лондонда өткен нацизмге қарсы студенттердің Халықаралық кездесуінде, Чехославак коммунисті Отто Шлингтің ұсынысымен бұл күнді, қаза тапқандар құрметіне, жыл сайын студенттер күні ретінде атап өту шешімі қабылданды.Бүгін Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде Студенттік парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен Халықаралық студенттер күні атап өтілді. Мерекені колледж директоры У.Кенжебаева құттықтау сөзімен ашып,белсенді студенттерге мақтау қағазымен бірге сыйлықтарды табыс етті.Колледждің өнерлі студенттері өздерінің достарына арналған құттықтауларын,ән,билерін тарту етті.Қазақстандағы және әлемдегі барлық студенттерді төл мерекесімен құттықтаймыз!