Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Бегущая строка текста в HTML
Біздің жетістіктеріміз
"Ақпараттық технология құрылғыларының жаңа мүмкіндіктері" атты семинар
Ақпараттық технология (IT) құрылғылары күн сайын дамып, қолданушылардың мүмкіндіктері көбеюде. Смарт құрылғылар, жасанды интеллект, жоғары да сапалы интерактивті өнімдер, виртуалды шындық. Ақпараттық технология (IT) құрылғыларының жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында 21.04.25ж. Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде оқытушылар мен өндіріс шеберлеріне семинар өткізілді. Семинар барысында директордың АТ жөніндегі орынбасары Г.Жанкуанышева жалпы білім беру пәндер, арнайы пәндер бойынша интерактивті стенділер жасаудың тәсілдері мен жолдарын таныстырып, түсіндірді. Онымен қоса "enbek" платформасындағы жаңа өнімі "skills.enbek.kz" парақшасының жаңа мүмкіндіктері де көрсетілді. Колледж әдіскері А.Қожағали "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу шарттарының" жаңа талаптарымен таныстырып, оның ішінде біліктілік растайтын педагогтердің ғылыми жобасына да тоқталды. Семинар соңында қатысушылар АТ құрылғыларының мүмкіндіктерін талқылап өз ойларымен бөлісті.
Тараз теміржол көлік және
коммуникация колледжі