Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі 

Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

10.04.2021ж. «Ұлан » спорт кешенде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Қажымұқанның 150 жылдығына арналған «Күш атасы Қажымұқан» атты семинар өтілді. Дүниежүзілік спорт аренасына шығып, шетелдердегі жарыстарда атақ, даңққа ие болған тұңғыш қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолымен, бейнесімен, ерен еңбегімен таныстыру арқылы спортты сүюге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында өтілген бұл семинарды ұйымдастырғандар Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушылары И.Спатаев, Ж.Иманалиев, А.Имашов. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы И.Спатаев білімгерлерге Қажымұқан туралы мәлімет беріп болған соң, келесі сөз кезегі «Ұлан» спорт кешенің спорт шебері Ермек Тұрсыналы Тасимовқа берілді. Е.Т.Тасимов Қажымұқанның спорттағы жетістіктеріне тоқталып өтті, білімгерлердің қойған сұрақтарына жауап берген соң қазақ күресінің әдіс –тәсілдерін көрсете отырып, білімгерлерді жаттықтырды. Нәтижесінде білімгерлердің спорттың осы түріне қызығушылықтары оянып, өздерінің бос уақыттарын осы «Ұлан» спорт кешенінде өткізетін болды.