Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі 

Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында 2 –сәуір «Халықаралық балалар кітабы» мерекесіне орай кітапханашы Қосалиева Гүлнар Орынбасаровна ЭРТ-22-1 тобының кураторы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы Қожағали Әсел Нұрдәулетқызы топ білімгерлерімен және «Тарих» пәнінің оқытушысы Бозымбекова Айжан Сериковна ЧС-22 -1 тобының білімгерлерімен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Кітап – ғажайып әлем» атты кітап көрмесін оқырмандарға таныстырды.

Атқарылған іс-шараның мақсаты: «Халықаралық балалар кітабы» мерекесінің тойлану себебін білімгерлерге түсіндіру, баланың жеке басын және рухани дамуын қалыптастыру, балалардың кітапқа деген ынтасын арттыру және кітапты жай ғана оқып қоймай, оны түсініп оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.

Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын Дания жазушысы: 1805 жылдың 2 сәуірінде Фюн аралындағы Оденсе қаласында дүниеге келген Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай, сәуір айының 2-де аталып өтеді.

Кедей отбасында дүниеге келіп, бала кезінен көп қиыншылықтарды басынан кешірген Христиан түбінде өз арманына, жазушы болу мақсатына жетеді. Оның барлық туындыларында әділдіктің әділетсіздікті, мейірімділіктің жауыздықты түбі жеңетіндігіне деген терең сенімі бар. Андерсен ертегілерін тек балалар ғана емес, үлкендер де қызыға оқиды. Себебі оның ертегілері әртүрлі жастағы, әртүрлі таптағы адамдарға арналған. Жазушының даңқын шығарған «Ертегілер» атты жинағы 1835 жылы жарық көреді. Андерсен ертегілерінің ішіндегі әйгілісі – «Кішкентай Иданың гүлдері», «Түймеқыз», «Патшаның жаңа көйлегі», «Жабайы аққулар», «Ұшақ-сандық», «Жауыз патша», «Періште», «Қалыңдық пен күйеу», «Ұсқынсыз үйрек», «Қар ханшайымы», «Әже», «Көлеңке», «Жыл тарихы», «Жел Вальдемар До мен оның қыздары туралы айтады», «Нанды басып кеткен қыз» атты ертегілері. Андерсен ертегілері адам санасын оятады, онда халық даналығы тұнық күйінде сақталған...

Еліміздің болашағы жас ұрпақтарды тәрбиелі де сауатты, заман талабына сай білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу маңызды іс. Біздің болашақ жастарымызға қалдыратын дербес мұрамыз – Кітап қана болмақ.

Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғандықтың ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді.