Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Бегущая строка текста в HTML
Біздің жетістіктеріміз
Төтенше жағдайлар департаментіне жұмысқа орналасу бойынша кеңес беру алаңы
2026 жылдың 29 қаңтар күні Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенттерімен Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Б.Бакжанов бастаған департамент өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қазіргі таңда студенттерге «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы бойынша жұмысқа орналасудағы көптеген мүмкіншіліктерді атап, бос жұмыс орындар бойынша мәліметтер берілді. Және де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу мүмкіндіктерін айтты. Түлектерді оқуды бітірген соң тұрақты табыстың кепілі болатын төтенше жағдайлар департаментіне жұмыс істеуге немесе академияға оқуға шақырды.

Тараз теміржол көлік және
коммуникация колледжі