Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

ХАБАРЛАНДЫРУ
Мекеменің атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекенжайымыз: индекс 080016, Тараз қаласы, Абай даңғылы 278, байланыс нөмірі 8(7262) 46-44-17, (E-mail) pl.13_09 @mail.kz
Бос лауазымның атауы:
1. «Токарлық ісі» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері – 2 бірлік
2. «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік
қазақ және орыс тілдерін білу - орыс және қазақ топтарында сабақ берудің негізгі талаптарының бірі.
Негізгі функционалдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу – өндірістік жұмыстарды жүргізеді. Білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды. Топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді. Білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды.
Лауазымдық еңбек жалақысы: орта білім - 147,000 теңге
жоғары білім - 177,324 теңге
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог – шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жыл, және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог – модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 11.08.2026ж-19.08.2026ж

Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі