Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

Апталық жалғасуда

Тілдер апталығы аясында 04.04.2025 оқытушы Д.Ж.Ерімбетова 1-курс білімгерімен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «С.Сейфуллиннің Көкшетау поэмасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: қазақ әдебиетінің үш алып тұлғасы — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин шығармашылығын, өмірін және олардың әдебиетке қосқан үлесін жас ұрпаққа таныстыру. Сабақтың барысында білім алушылар қазақтың үш бәйтерегі: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин ақын- жазушыларымыздың поэмасын мәнерлеп оқып, қазыналы қарияларымыздың даналық ғибраттарынан үзінді көрсетті. Аталған тұлғалардың өмір жолы, шығармаларының мәні, олардың қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесі кеңінен талданып, тапсырмалар орындалды. Сабақта көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл сабақ жастарға қазақ әдебиетінің құндылықтарын түсінуге, ой-өрістерін кеңейтуге және өз шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді.

      

Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі