Mission of the college . Qualified specialists with a high level of theoretical and practical skills, with high personal qualities for railway transport enterprises, taking into account the request for industrial and innovative development
УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ
Мекеменің атауы: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекенжайымыз: индекс 080016, Тараз қаласы, Абай даңғылы 278, байланыс нөмірі 8(7262) 46-44-17, (E-mail) pl.13_09 @mail.kz.
Бос лауазымның атауы: Оқу бөлімінің меңгерушісі – 1 бірлік, қазақ және орыс тілдерін білу - орыс және қазақ топтарында сабақ берудің негізгі талаптарының бірі.
Негізгі функционалдық міндеттері: Педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;
оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагогтердің жұмысын, сондай-ақ әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;
білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
білім беру және тәрбие процестерінің сапасын және білім алушылардың білім беру даярлығы нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
педагогтерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;
педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
оқу-материалдық базаны нығайту, оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
жабдықтардың сақталуын, санитариялық-гигиеналық талаптардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
оқытушылардың есептілікті уақытылы жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуін қамтамасыз етеді.
Лауазымдық еңбек жалақысы: 176,757 теңге
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.08.2026ж-19.08.2026ж
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары ж




