М.Тынышпаев атындағы ALT университетімен ынтымақтастық
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі мен Алматы қаласының Мухамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында университет өкілдері грантқа түсу жағдайлары және бағдарламалар туралы мәлімдеп, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Меморандумның мақсаты теміржол мамандарын даярлауда бірлесе жұмыс жасау, теориялық және тәжірибелік біліммен алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарда өзара көмек көрсету болып табылады. Бұл меморандум негізінде - ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастықты дамыту және бірлесе отырып жұмыс жасау жоспарлануда.
