Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі 

Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

 

  07150300 "Токарлық іс" мамандығы, 4S07150304 "Токарь", біліктілігі бойынша студенттерді дайындау 2014 жылдан бастап жүргізіледі. Білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлаудың негізділігі кәсіби міндеттерін біліктілікпен орындауға қабілетті техникалық қызметкерлерге өңір мен республиканың қажеттіліктерімен байланысты.

"Токарлық іс және металл өңдеу" Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру колледждің миссиясымен анықталады: индустриалды-инновациялық даму сұранысын есепке ала отырып, металл өңдеу кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, теориялық және практикалық дағдылардың жоғары деңгейі бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

  Сапа саласындағы саясаттың мақсаты барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, колледж миссиясын іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрақты жетілдіруге бағытталған басқару жүйесін әзірлеу, енгізу, тиімді пайдалану және дамыту болып табылады. Білім беру бағдарламаларының сапа саясатын қалыптастыру мен қолдаудағы мүдделі тараптардың құзыреті анықталды.

   Кадрларды даярлау кезінде мамандық оқытушылары еңбек нарығының қажеттіліктері, дамып келе жатқан тұлғаның қажеттіліктері мен жалпы кәсіптік білім беру жүйесін дамыту арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге тырысады. Жоғары кәсіби дайындық біздің түлектерімізді жаңа экономикалық жағдайларда әлеуметтік қорғаудың факторына айналды. Колледж педагогтарының міндеті білім, білік және дағдыны қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар техника, технология өзгерістеріне бейімделу қабілетін дамыту, еңбекті ұйымдастыру болып табылады. Сапа мәселелеріне басымдық беру келесі негізгі факторларға байланысты:

   - кәсіптік мектепті дамытудың негізгі мақсаттарын мемлекеттік білім беру саясатымен байланыстыру қажеттілігі (мемлекеттік білім беру стандарты, лицензиялау, аттестаттау, кәсіптік білім беру мекемелерін мемлекеттік аккредиттеу);

   - кәсіби білім туралы сертификаттар мен дипломдарды салыстыру, оларды ҚР барлық аумағында тану және әлемдік еңбек нарығына біртіндеп кіру мәселесі;

   - білім беру мекемелері түлектерінің сапасын объективті бағалау мақсатында әлеуметтік әріптестерді кәсіптік білімнің мазмұны мен деңгейін анықтауға тарту қажеттілігі.

  Осыған байланысты колледжде қазіргі уақытта кәсіби қызмет талаптары тұрғысынан білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін жаңа тетіктер меңгерілуде; өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті, заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін құзыреттер кешеніне ие, бәсекеге қабілетті маман даярлау жүйесі, осы тұрғыда колледжде кәсіптік білім беру сапасын басқару мынадай функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді:

   - сапаны қамтамасыз ету;

   - жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну үшін қажетті жағдайлар жасау (жұмысқа орналасу мүмкіндігі, ұтқырлық, білім беру қызметтерінің вариативтілігі мен қолжетімділігі);

    - сапаны бақылау ;

    - оқу процесін және оның нәтижелерін барлық мүдделі тараптардың бағалауы (процесс тиімділігі мен нәтижесінің индикаторларының/өлшемдерінің болуын, оқыту деңгейін бағалау және сертификаттау жүйесін, оқыту құрылымдары жүргізетін өзін-өзі бағалауды қамтиды);

    - әрбір құрылымдық бөлімшедегі білім беру бағдарламасының әрбір аспектісі үшін жеке жауапкершілік негізінде білім беру қызметін педагогтердің үнемі жетілдіріп отыруы;

    - мінсіз жағдайды болжау, оны шындықпен салыстыру және қолда бар ресурстарды ескере отырып, колледждің дамуын жоспарлау, сонымен қатар критерийлер бойынша өз қызметін терең талдау және өзін-өзі бағалау негізінде білім беру бағдарламасының Ішкі сапасын қамтамасыз ету аспектілері түзетіледі.