Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

 

5.09.2024 жылы Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде тіл мерекесіне орай "Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Білімгерлерді тілін, туған жерін құрметтеп, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында өткізілген іс-шарада білімгерлер ақынның өлеңдерін оқып, әндерін айтып, өмір жолынан үзінді көріністер қойды. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының өміріне арналған деректі фильм тамашалады. "Сөзі жоғалған ұлттың- өзі де жоғалады"- деп ұрандаған Байтұрсынов сөзі біздің де өмірлік ұранымызға айналуы тиіс.

#ұлтұстазы #ждколледж

Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі