Миссия колледжа: Подготовка конкурентоспособных специалистов, имеющих высокий уровень теоретических и практических навыков, обладающих высокими личностными качествами для предприятий железнодорожного транспорта, с учетом запроса индустриально-инновационного развития
Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Сондықтан «Өмірге риза болып, алғыс айт“ деген сөз орынды. Ризашылық дегеніміз адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.