Mission of the college . Qualified specialists with a high level of theoretical and practical skills, with high personal qualities for railway transport enterprises, taking into account the request for industrial and innovative development
Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Осынау мерекеде Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің ұжымы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" атындағы саябақта қазақ үй тігіп, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлауға ат салысты. Іс шарада "Ұрын бару " секілді ұмыт болған салт дәстүрлер сахналанып, қонақтарға мерекенің басты тағамы наурыз көже мен бауырсақ таратылды.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!