Mission of the college . Qualified specialists with a high level of theoretical and practical skills, with high personal qualities for railway transport enterprises, taking into account the request for industrial and innovative development
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында қаланың мектептерінің оқушыларына кәсіби өзін-өзі анықтау бойынша көмек көрсету мақсатында "Ашық есік" күнін ұйымдастыруда. Күні бүгін қаланың N15, 22 орта мектептерінің оқушылары колледждің тарихымен, мамандықтар бойынша материалдық-техникалық оқу құрылғыларымен танысып, мамандықтар туралы консультация алып қайтты. Осындай іс-шара оқушыларды ерекшеліктеріне және қоғамның кадрларға деген сұранысына сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтаудың табысты қалыптасуына ықпал ететініне сенеміз.