Mission of the college . Qualified specialists with a high level of theoretical and practical skills, with high personal qualities for railway transport enterprises, taking into account the request for industrial and innovative development
«WorldSkills» чемпионаты барлық кәсіптік білімнің дамуына ықпал ететін әлемдік жоба. Жыл сайын Тараз темір жол көлік және коммуникация колледжінің білімгерлері WorldSkills облыстық чемпионат байқауында өздерінің дағдылары мен қабілеттерін бөлісуде.
2023 жылдың 12-15 сәуір күнідері аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен «WorldSkills Jambyl - 2023» облыстық чемпионаты өтті. «Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзыреттілігі бойынша Кеслер Артур Станиславович 1 орын және «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша Маратбек Дулат Байкенұлы 3 орынды иеленді. Бұл жобаның мақсаты жастардың осы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Колледж әкімшілігі Тайбеков Жеңіс Мэлсовичке және студенттерді дайындаған жетекшілеріне Калыбаев Жанибек Аскарович, Куанышбек Сұлтан Жанболатұлы, Адам Александр Константинович, Мельник Никита Игорьевичке үлкен алғыс білдірді.